Бекзат Алмахан UFC промоушенінде өнер көрсетеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек Бекзат Алмахан (17-1) UFC промоушенімен келісімшарт жасасқаны белгілі болды.

Бұған дейін отандасымыз Орталық Азияның үздік промоушендерінің бірі Octagon-да жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Кәсіпқой мансабында жалпы есепте 18 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана есе жіберді. Ол соңғы 9 айқасында жеңіске жете алды.
26 жастағы спортшы Тараз қаласында туған. Жасөспірім шағында каратэмен шұғылданып, кейін ММА спортына ауысқан.
Айта кетейік, Бекзат Алмахан енді UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Exit mobile version