Бейнеуде «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі өтті

Бүгін Бейнеу ауданы «Әли Балта» атындағы орталық стадионда республикалық «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі өтті.

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге «Бейнеу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Бейнеу ауданының кісіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Отбасы банк» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы және Бейнеу аудандық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандары қатысып, аудан тұрғындарына кеңес берді.

Жылжымалы жәрмеңке аясында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, 2,5 пайызбен шағын несие, тұрғын үй бойынша кеңес берілді. Шараға 100-ге жуық тұрғын қатысты.

Айта кетейік, «Tulga bol» жылжымалы жәрмеңкесі ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіп жатыр.

Exit mobile version