Бейбіт Жукаев екі мәрте ел чемпионы атанды

«Даулет» теннис орталығында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Ерлер арасында финалда қысқы чемпионаттағыдай, Бейбіт Жукаев пен Денис Евсеев өзара кездесті. Бейбіт 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетіп, екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

Бейбіт Ақтау теннис мектебінің түлегі, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шешімімен Astana Open ATP 500 турнирінде жекелей сында өнер көрсетуге жолдама алды.

Бұл Жукаевтың ең алғашқы ірі жарысы болмақ. Сондай-ақ, ол жұптық, сында Александр Бубликпен бірге бақ сынайды.

Exit mobile version