Балалар жылы аясында жас патриоттар форумы өтті

Астанада еліміздің барлық өңірінен келген 7-14 жас аралығындағы жас ақындар, жазушылар, блогерлер, суретшілер, артистер мен спортшылар бір алаңға жиналды.

Жас таланттар биыл ғылыми жобалар дайындап, кейбірі ерлік танытып, түрлі жарыстарда ерекшеленді.

«Бүгін біз оқуда, спортта, өнерде және басқа да салаларда ерекше көзге түскен жас патриоттарды марапаттай отырып, балалар жылын қорытындылаймыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз еліміздің мақтанышы және болашағысыздар. Мемлекет балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, зияткерлік мүмкіндіктерін іске асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатыр. Сіздерге толағай табыстар тілеймін», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, бүгін республикалық таланттар байқауының қатысушылары марапатталды. Үздік жұмыстардың авторлары ноутбуктер мен басқа да бағалы сыйлықтарға ие болды.

Барлығы 10 номинация бойынша 30 жеңімпаз анықталды: «Үздік эссе» – Береке Сүлейман, Нұрбақыт Боранбаев, Гауһар Әліптұр; «Жас ақын» – Аңсар Әбдіразақов, Елсияр Құлахмет, Жаншырақ Сержан; «Үздік суретші» – Әсем Күздімбаева, Іңкәр Жұмағали, Никита Ульяничев; «Үздік медиа контент» – Расул Бауыржан, Аяна Бауыржанова, Жандарбек Аманқосов; «Жас артист» – Ариана Асқар, Диас Қаусылов, Аяулым Имангелді «IT -жоба» – Артем Лисин, Әділ Серік, Бексұлтан Сайлаубай; «Жас техник» – Нұрасыл Шәріпов, Меңдібек Темірханов, Мұстафа Ғалымжанұлы; «Жас ғалым» – Айнұр Әлімқызы, Әмір Амангелді, «Жас батыр» – Жаңбырбай Дінмұхаммед, Мерей Бақыт, Руслан Омаров; «Жас спортшы» – Досман Әли, Айназ Әділгереева, Ангелина Кузмичева.

Exit mobile version