Бүгін облыс волонтерлары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты.
Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс тобы, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтар келді.
Гүл шоғын қою рәсімінен кейін Достық үйінде өткен Маңғыстау облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі ашық комиссия отырысына қатысты.
Нәубетті жылдары елде 103 мыңнан астам адам солақай саясаттың құрбанына айналды. Алашорда көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев бастаған қазақтың марқасқа азаматтарынан 25 мыңдай адам ату жазасына кесіліп, жазықсыз атылған еді.