Ақтаулық талантты жастарға кастинг жарияланды

Ақтауда қазақ тіліндегі алғашқы «MynBALA» Tik-Tok House жобасына кастинг өтеді.

Жоба еліміздің қалалары мен ауылдарын аралап, креативті жастарды іріктеп, өздерін танытуға мүмкіндік сыйламақ. Ақтау қаласындағы іріктеу 15 қазан күні өтеді.

Кастинге 16-28 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер қатыса алады. Жастардың шығармашылыққа деген қызығушылығы болуы шарт. Алматы қаласына уақытша қоныс аудару мүмкіндігі де қарастырылған.

Осы талаптарға сай келсеңіз 6 шағынауданда орналасқан «Жастар ресурстық» орталығына барыңыз. Кастинг сағат 10:00-де басталады.

Кастинг туралы толық ақпаратты @mynbala_house инстаграм парақшасынан білуге болады.

Exit mobile version