Ақтаулық студенттерге есірткіге қарсы семинар-тренинг өткізілді

Маңғыстау облысы полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен бірлесе отырып “Ақтау технологиялық қызмет көрсету” колледжінің студенттеріне «Нашақорлықтың алдын алу», «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыптарында семинар-тренинг өткізді.

Аталмыш шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу.

– Есірткі сатумен айналысушылар көбіне заңсыз айналымға адам тарту үшін интернет-ресурстарды пайдаланып, бос жұмыс орындарын ұсынып, хабарлама жасайды. Жеңіл ақшаны көздеген кәмелет жасқа толмаған жеткіншектер зиянкестердің арбауына түсіп, жұмыс жасауға келіседі,-дейді мамандар.

Шара барысында ғаламтор желісінде жарияланып, курьерлік қызметті ұсынатын “Telegram” каналдардың көбейіп кеткендігі туралы ескертіліп, сақтық шаралары туралы түсіндірілді. Бұндай заңсыз қызметтер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығы айтылды.

Түсіндірме жұмыстарынан бөлек, полицейлермен арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға мардымды жауаптар берілді.

Exit mobile version