Ақтаулық спортшылар Илья Ильиннің турнирінде топ жарды

Ақтаулық спортшылар 21-22 желтоқсан аралығында Илья Ильиннің Астанада өткен «Ilyin Iron Cup» турниріне қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.

Зілтемір көтеру бойынша әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильиннің айтуынша, бұл – оның көптен күткен арманы.

-Осындай жарыстарды кәсіпқойлар арасында ұйымдастыруды көптен армандадым, олар- өз саласының мықты спортшылары. Бұл менің спорттық карьерамды аяқтағаннан кейін жүзеге асырған алғашқы ірі жобаларымның бірі және біздің «Iron Cup» ешкімді бей-жай қалдырмай, жыл сайынғы спорт мерекесіне айналатынына сенемін,- деді ол өз сөзінде.

Қазақстан мен көршілес елден келген 200-ге жуық кәсіпқой спортшы ауыр атлетика, пауэрлифтинг, армрестлинг, кроссфит, мас-рестлинг, гір көтеру, армлифтинг, воркаут, стронгмен сынды спорт түрлері бойынша сынға түсті.

Жарыс нәтижесі бойынша Аружан Курбанова – I орын, Шапағат Үсенов – ІІ орынды жеңіп алды. Ал Дана Дәрібай, Бекжан Талғатұлы және Роман Исламгалиев ІІІ орын иеленді.

Айта кетейік, «Қол күресі және гір көтеру» спорт федерациясының спортшылары алғаш рет мас-рестлинг бойынша бақ сынады.

Exit mobile version