Ақтаулық оқушылар тоғызқұмалақтан жарыста жеңімпаз атанды

Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен тоғызқұмалақтан желілік жарыста ақтаулық зияткерлер үздік көрсеткішке ие болды, деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

PlayOk платформасында 2023 жылдың 30 қазан және 1 қараша аралығында қашықтан өткен желілік спартакиадаға NIS пен Астана халықаралық мектебінен 94 оқушы қатысты.

Командалық есепте Ақтаудағы Зияткерлік мектептің құрамасы 10-12 сыныптар арасында Жансая Жәрдем және Есбол Азан желілік спартакиадада жүлделі І орынды иеленіп 2023 жылдың чемпиондары атанды. Ал, Назерке Жәрдем мен Жанарыс Тілеуқұл 7 – 9 сыныптар арасында ІІІ орынға ие болды.

7 – 9 сыныптардағы қыз балалар арасында жарыста Назерке Жәрдем ІІІ орынға ие болды.

10 – 12 сыныптағы қыз балалар арасында I орын 11-сынып оқушысы Жансая Жәрдемге бұйырды.

– Биылғы жарысқа дайындығымыз жоғары деңгейде болды. Сондықтан үздік нәтиже көрсеттік,-дейді тоғызқұмалақтан республикалық жарыстардың жеңімпазы Жансая Жәрдем

Жансая бұған дейін Тараз қаласында өткен тоғызқұмалақтан XI жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиадасында 2- орын алса, Маңғыстау облысында өткен С.Тілегеновты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан республикалық жарыста жеңімпаз атанды.

– Оқушылардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылығы өте зор. Ұлттық ойынымызды жастар арасында дәріптеуде мұндай жарыстардың маңызы зор,-дейді тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Бекбаулы
Спартакиаданың басты мақсаты- тоғызқұмалақ ұлттық ойынын мектеп оқушылар арасында насихаттау. Бұл ұлттық ойын түрі оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыруға, сыни ойлауға көмектеседі.

Айта кетейік, 2020 жылдың соңында тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілді.

Exit mobile version