Ақтаулық оқушылар республикалық жастар хакатонында жеңіске жетті

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының ұйымдастыруымен, 2022 жылғы Ұлттық білім апталығы аясында өткен Skills Up жастар хакатонында Ақтаудағы NIS зияткерлерінің жобасы үздік деп танылды.
Алматы қаласында өткен Skills Up хакатонының финалында бақ сынаған «QarapaimEmdeu» командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сондай ақ «Қызықты презентация» номинациясының жеңімпаздары атанып, 1000$ көлемінде ақшалай сыйлық алды.
«QarapaimEmdeu» – диагнозды анықтайтын робот терапевт және мобильді қосымшасы бар жалпы медициналық жүйе (деректерді сақтайтын медициналық портал).
Жеңіске жеткен команда мүшелері: Данил Мухалев, Камила Куатова, Нұргүл Әмірхан, Ұлан Айтбай.
Жоба жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Мәди Медет.
Exit mobile version