Ақтаулық оқушылар кеме жасайтын мекеменің жұмысымен танысты

Ақтаулық оқушылар кеме жасайтын мекеменің жұмысымен танысты

Ақтауда №1 жалпы білім беру орта мектебінің 10-сынып оқушылары кеме жасайтын «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС мекемесінің жұмысымен танысты.

Аталған шара Республика күніне орай Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының «Кәсіби бағдар» жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС мекемесі қазіргі таңда бір кемені жасақтап жатыр. Айтуынша, жыл соңына дейін теңізге жіберуді көздеп отыр. Сонымен қатар мекеме мамандары Өмірзақта зауыт салынатынын тілге тиек етті. Осылайша келесі жылдан бастап жылына кем дегенде 2-3 кеме шығармақ.

Сондай-ақ оқушыларға инженер, дәнекерлеуші сынды мамандықтарды меңгеру арқылы кеме зауытына жұмысқа орналасуға мүмкіндік болатынын айтты. Оқушылар да қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен сұхбаттасты.

Алдағы уақытта «Кәсіби бағдар» жобасы жалғасын табады.

Exit mobile version