Ақтаулық оқушы шетелдің 5 университетіне шақырту алды

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Нұржан Аманбаев шетелдегі жоғарғы оқу орындарынан шақырту алды.

Нұржан, АҚШ-тың Корваллис штатының ең үздік университеті Орегонға (Oregon State University), және Аризона штатында орналасқан Аризона университетіне (Arizona State University), Огайо штатындағы Кливленд мемлекеттік университетіне шақырту алды.

Сондай ақ Кембридждегі халықаралық бизнес мектеп Хальт (Hult International Business School), Юта штатындағы ең үлкен университет Ютада (University of Utah) оқуға мүмкіндік алды. Юта университеті Шанхай университеттерінің рейтингі бойынша әлемде 79-шы орында.

Exit mobile version