Ақтаулық оқушы халықаралық байқауда топ жарды

Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық балалар мен жөсөспірімдер байқауында Ақтаудағы IT-лицейдің оқушысы Аслима Шакхат «Ұлттық аспаптар» номинациясы бойынша 1-орын алды.

Аслима Шакхат – Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің шәкірті. Қазіргі кезде жетіген класының 5-сыныбында оқиды.

Бұған дейін де қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр. Жетігеннен бөлек, Аслима скрипка және фортепианода ойнайды.

Аслима Шакхат Атырау қаласында өткен «Жас толқын» аймақтық байқауында топ жарып, Мәскеудегі халықаралық конкурсқа жолдама алған.

– Осы Мәскеуде өткен халықаралық байқауға біз 4 ай көлемінде дайындалдық. Аслима бас жүлдеге ие болды. Қазір ол Өнер колледжіне түсуге дайындалып жүр. Ал бұл байқаудың демеушісі «Каспий құбыр консорциум» АҚ алғыс айтамыз, – дейді жетекшісі Айтолқын Амангелді.

Сонымен қатар, Аслиманың жетекшісі Айтолқын Амангелді де алғыс хатпен марапатталды.

Exit mobile version