Ақтаудың 60 жылдық мерейтойына арналған үздік логотипке байқау жарияланды

Қалалық әкімдік Ақтаудың 60 жылдық мерейтойының логотипін әзірлеу бойынша байқау жариялады.

-Байқауға қатысуға дизайн саласында білімі бар, 18 жастан асқан ҚР азаматтары қатыса алады және жеке шығармашылық ұжымдардың да құрамында орындалған логотиптер ұсынылады. Айта кетейін, үздік деп танылған логотип қаланың мерейтойын атап өтуге қатысты барлық шарада пайдаланылады. Жеңімпаз ақшалай сыйақымен марапатталады, дейді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.

Өзгелердің логотип дизайн идеяларын пайдалануға, яғни плагиат жасауға қатаң тыйым салынады.

Конкурс 2022 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 30 желтоқсанға дейін бірнеше кезеңде өткізіледі. Байқау ережелерімен Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайтынан таныса аласыздар. Өтінімді және өз жұмысыңызды мына мекен-жайға aqtau.akimat@gmail.com жолдай аласыз.

Exit mobile version