Ақтаудағы NIS-те соңғы қоңырау соғылды

Бүгін Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Сәт сапар, жас түлек!» соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Ақтаудағы NIS-ті 2022 – 2023 оқу жылында 712 оқушы аяқтады. Оның ішінде 67 оқушы – биылғы жылдың түлегі.

Салтанатты шарада мектеп директоры Ринат Жұмабаев, Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов, «Педагогикалық шеберлік орталығының» Ақтау қаласындағы филиалы директоры Қатира Боранбаева, Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Сафаров Замин Джафароглы оқушылар мен мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ата-аналар мен ұстаздар да түлектерге тілектерін жеткізіп, ақ жол тіледі.

– Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беретін өлкеміздегі үздік білім ордасы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бүгінгі түлектеріне сәттілік тілеймін. Биыл түлектер еліміздегі, сондай-ақ шетелдің үздік оқу орындарының гранттарын жеңіп алды. Бұл мектеп үшін үлкен жетістік. Болашақта елімізді әлемге танытар білімді жастар – сіздер болыңыздар. Сәт сапар, жас түлек! -деді Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов.

Биыл түлектердің 7-і – «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер, 7 оқушы – ерекше үлгідегі аттестатқа ұсынылған оқу озаттары. Мектеп түлектерінің қатарында пән олимпиадалары мен түрлі зияткерлік байқаулардың жеңімпаздары бар. Сондай ақ 27 түлек шетелдегі ең озық университеттердің гранттарын жеңіп алды. Атап айтқанда, Альмира Нурланова АҚШ-тағы Массачусет Технологиялық университетіне (MIT) , Қазақстан-Британ техникалық университетінің оқу грантын жеңіп алды. Айзере Сейтжан Қытайдағы New York University in Shanghai, Карина Онгарова АҚШ-тағы Arizona State University, Нұржан Аманбаев АҚШ-тағы Oregon State University, Самилла Махмутова Швейцариядағы Franklin University Switzerland, Жансая Әли АҚШ-тағы Saint Louis University, Әмина Есенқазы Италиядағы University of Siena, Асия Теджен Гонконгтағы HKBU, Түркиядағы Kadir Has Университетіне Назым Наурызбек, Айгүл Үсенова, Ғалымжан Жантөре Қазақстан-Британ техникалық университеті, Гонконгтағы HKBU, Алдияр Кундускаировпен Алимжанова Махаббат Түркиядағы Sabanci University, Шұғыла Салимулда Түркиядағы Kadir Has University, Канададағы Торонто университетінің оқу грантының иегері.

IELTS-тан мектеп бойынша үздік көрсеткіш көрсеткен (8,5) Сәнімай Ұзақбай Түркиядағы Kadir Has университетінің грантын жеңіп алса, Хадиша Сугурова Назарбаев Университетінің толық грант иегері атанды. Әсет Ермуханбет Гонконгтағы The Chinese University of Hong Kong, Мадияр Серікпен Нұртас Башеев Қозыбаев университеті, АҚШ-тағы The University of Arizona, Дильназ Табылғанова Малайзиядағы Xiamen University Malaysia, , Ерасыл Игілік, Мидина Нурлановамен Салем Ғинаятов Италиядағы Sapienza университетінің грантын жеңіп алса, Диана Куванбай Венгриядағы Budapest University of Technology and Economics университетінің толық грант иегері атады.

– Зияткер түлектеріміз Қазақстанды әлемге танытады, елімізді гүлдендіреді. Мектеп сендерді әрқашан жақсы көреді, қолдайды және ең бастысы күтеді,-деді шарада сөз алған мектеп директоры Ринат Жұмабаев

Бітіруші түлектер мереке қарсаңында ресми түрде NIS Alumni қатарына қосылды.

Exit mobile version