Ақтаудағы «Күз лебі» атты вернисажда суретшілердің шеберлік сағаты өтті

Ақтаудағы «Күз лебі» атты вернисажда суретшілердің шеберлік сағаты өтті. Студенттер үшін Астана мен Алматы қаласынан арнайы қылқалам иелері шақыртылды.

Аталған мастер клас «Жеті күн» жобасының үшінші бөлігі. Шараға «Өнер», Абыл Тарақұлы атындағы колледждің студенттері қатысты. Жас мамандарға графикалық сурет салудың әдіс-тәсілдері көрсетілді.

– Алматы мен Астанадан келген суретшілер мен үшін ерекше әсер қалдырды. Шара барысында жаңа техникаларды меңгердік. Мастер класта көзім оттай жанып, суретке деген қызығушылығым арта түсті. Осындай шаралар жастарға үлкен мүмкіндіктер беріп, жетістікке бір қадам жақындауға көмектеседі, – дейді Маңғыстау өнер коледжінің 3 курс студенті Аружан Қуат.

Бес саусағынан өнер тамған жандарға мұндай жобалар 2013 жылдан бері ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – өңірдегі жас мамандардың біліктілігін арттыру. Шеберлік сабағында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Бейбіт Асемқұл өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шеберлік сағаты тоқтап қалмайды. Алдағы қазан айында шет елдік суретшілерді шақырту көзделіп отыр.

Exit mobile version