Ақтауда «Жыл студенті – 2024» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақтауда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жыл студенті – 2024» байқауы өтті. Дәстүрлі түрде студенттер арасында өтетін байқауды «Ақтау студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастырды.

Шарада студенттер он номинация бойынша марапатталды. Алдымен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Абылай Фазылбек сөз сөйлеп, студенттердің белсенділігі мен оқу жетістіктері қуантатынын атап өтті. Әрі қарай топ ішінен үздік шыққан жастарды марапаттады.

«Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы» номинациясының иегері Маңғыстау туризм колледжінің 2-курс студенті Альбина Жексенғалиева марапатталды.

«Үлгерімі бойынша үздік студент» номинациясымен Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің 4-курс студенті Нұрсұлу Бекболатова
марапатталды.

«Үздік ерікті» номинациясы бойынша Жаңаөзен қызмет көрсету колледжінің 2-курс студенті, «Шапағат» еріктілер клубының жетекшісі Темірлан Азаман жеңімпаз атанды.

«Үздік мобилограф» номинациясын Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің 2-курс студенті Танат Ибрахим алды.

«Үздік ақын» номинациясына Маңғыстау туризм колледжінің 2-курс студенті Бекзат Палуанов ие болды.

«Үздік спортшы» номинациясының иегері Ақтау технологиялық қызмет көрсету коледжінің 2-курс студенті Гүлнар Укібай атанды.

«Үздік суретші» номинациясымен Жаңаөзен политехникалық коледжінің 3-курс студенті Мариям Қуанбай
марапатталды.

«Үздік белсенді» номинациясы Каспий өңірі Болашақ коледжінің 4-курс студенті Гулдана Сейдаханға берілді.

«Үздік өнерпаз» номинациясына гуманитарлық колледждің 4-курс студенті Жанат Серік ие болды.

Ал «Жыл студенті – 2024» номинациясының иегері Маңғыстау өнер колледжінің 4-курс студенті, қазақ елінің атын бүкіл әлемге паш етіп жүрген көмекей әнші Айдана Келесқызы атанды.

Сонымен қатар Асмет Ұлас колледжінің студенттері арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Exit mobile version