Ақтауда «Жасыл ел» еңбек жасағының XIХ маусымы аяқталды

«Жасыл ел» еңбек жасағының XIХ маусымында 300-ге жуық ақтаулық жас еңбекке тартылды.

Осы ретте еңбек жасағының жастары, еңбек маусымын ұйымдастыру жұмысына атсалысқандар марапатталды.

Айта кетейік, жастар әртүрлі шағынаудандарында көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізген болатын. Атап айтқанда, «Ақбота» саябағын толықтай, 6 шағынаудан Жастар үйі ғимараты алаңын, 14 шағынаудан балалар үйі алаңын, Бекет ата орталық мешіт алаңын, 26 шағынауданның жол желегі, Өмірзақ елді мекенінің кіре берсінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысты.

Exit mobile version