Ақтауда жастар студиясы ашылды

Облыс әкімі Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Jastar» студиясының ашылуына қатысты.

Фото-видео өнімдер жасауға ыңғайлы және бірнеше тематикалық қабырғаларға бөлінген әмбебап студия орталықтың YouTube-жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған студияда мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіруге арналған ақпараттық видеороликтер, лайфхактар мен кәсіби кеңесті қамтитын бағдарламалар түсіруге және live-концерттер, подкаст пен поэтикалық кештердің түсірілімін ұйымдастыруға арналған негізгі локциялар бар.

«Jastar» студиясының алғашқы қонағы ретінде облыс әкімі С.Ө. Трұмов орталықтың «Lectorium» жобасына қатысып, өңір жастарын төл мерекемен құттықтады. Эфир қонағы болған өңір басшысы жастық шағын еске алып, жастарға берілген бүгінгі мүмкіндіктер мен қолдауды сөз етті. Сұхбат барысында облыс әкімі Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовтің болашағына үлкен үмітпен қарайтындығын және әлеуетінің зор екендігін атап өтті.

Exit mobile version