Ақтауда «Жасанды жартас – 2022» туристік сайысы өтті

Ақтауда 13 қазан күні «Жасанды жартас – 2022» облыстық туристік сайысы өтті.

Байқаудың мақсаты – жастардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік көпсайысты насихаттау.

Сайысқа жалпы білім беру ұйымдарының 20 білім алушысы қатысты. Ережеге сәйкес қатысушылар «Жылдамдық», «Альпинист», «Траверс» номинациялары бойынша сынға түсті.

Қазылар алқасының шешімімен І орынды – Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT лицейінің «Жас сарбаз» тобы алды. ІІ орын – Жаңаөзен қаласындағы №18 жалпы білім беретін мектеп пен №24 мектеп-лицейінің «Жүйріктер» тобына, сонымен қатар Мұнайлы ауданындағы №10 жалпы білім беретін мектебінің «Жас қыран» тобына бұйырды.

Ал жүлделі ІІІ орынды Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейінің «Ақшұқыр» тобы мен
Бейнеу ауданындағы Атамекен жалпы білім беретін мектебінің «Хан тәңірі» тобы алды.

Айта кетейік, сайыс облыстық балалар мен жасөспірімдер туризимінің орталығы іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.

Exit mobile version