Бүгін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдайдағы жұмыстар бойынша практикалық кездесу ұйымдастырылды.
Аталған басқосуда жедел жәрдем қызметінің өкілдері Динара Тұрлыбай, Заманбек Құбайдулаев, Кеңес Құрбанбаев пен облыстық ТЖД-нің төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Еділ Есбосынов алғашқы көмек, құтқару жұмыстары туралы айтты.
Жедел жәрдем қызметінің мамандары өз кезегінде алғашқы көмекті қалау көрсету, зардап шеккен адамға не істеу керектігі және дәрігерлер келгенше қандай амалдарға бару керектігі туралы әңгімеледі. Ал ТЖД-нің өкілі оқыс жағдайдағы жасалатын әрекеттер, өрт кезіндегі қорғану жайын баяндады.
Өз кезегінде жас мамандар сауалдарын қойып, сала мамандарынан тұщымды жауап алды.