Ақтауда ЮНИСЕФ Халықаралық волонтёрлер желісі таныстырылды

2025 жылдың 11 шілдесінде Ақтау қаласындағы Yessenov University-де ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Волонтёрлер Желісі аясында ауқымды кездесу өтті. Бұл іс-шара балалар құқықтарын қорғауға және жастарды қоғамдық белсенділікке тартуға бағытталған.

ЮНИСЕФ — бұл әрбір баланың өмір сүруіне, дамуына және қоғамда өз дауысын жеткізуіне қолдау көрсететін Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры. Ұйым 1994 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істеп келеді және Бала құқықтары туралы конвенцияның қағидаттарын іске асыруға белсенді атсалысып жүр.

Іс-шараға ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев және Yessenov University ректоры Берік Ахметов қатысты. Олар жастармен ашық сұхбат жүргізіп, еріктілік пен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы маңызды мәселелерді талқылады. Волонтерлар желісіне тіркелген қатысушылар алдағы уақытта әртүрлі спикерлерден білім алатын болады.

Жастар үшін бұл – өз пікірін білдіруге, жаңа мүмкіндіктермен танысуға және халықаралық деңгейдегі бастамаларға үлес қосуға үлкен мүмкіндік. Іс-шара барлық ниет білдіруші жастарға ашық! Қатысып, еріктілер қозғалысының бір бөлшегіне айналуға болады.

Волонтерлік мектеп тамыз айында іске қосылады. Арнайы онлайн курс өтеді, сосын сертификат иеленеді.

Егер волонтер болсаңыз, сізге маңызды тақырыптар бойынша білім алу, ЮНИСЕФ-тен сертификат, сарапшылармен бірге апталық Q&A-сессияларға қатысу, «ЮНИСЕФ волонтері» мәртебесін алу және волонтерлердің жабық қауымдастығына қосылу, елдің түкпір-түкпірінен пікірлес достар табу, кураторлардан қолдау, идеялар және мотивациялық қуат, жабық қауымдастық іс-шараларына шақырулар, UNICEF Volunteers Award сыйлығына ұсынылу мүмкіндігі, өз қалаңыздағы ауқымды іс-шараларға қатысу, тәжірибе мен пайдалы таныстықтар, алғыс хаты немесе ұсыныс хаты, «ЮНИСЕФ волонтері» төсбелгісі және ЮНИСЕФ-тен халықаралық мүмкіндіктерге жол ашу мүмкіндігі беріледі.

Exit mobile version