Ақтауда «Youth Leadership School» жобасы басталды

Бүгін облыста «Youth Leadership School» жобасы басталып, алғашқы оқыту тренингі өтті. Тренингке іріктеуден өткен белсенді жастар қатысты, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты.

Жоба барысында қатысушылар 7 көп модульді оқытудан өтеді. Алғашқы оқыту тренинг «Тұлғалық дағдыларды даму»тақырыбына арналды. Мұндағы мақсат – жастардың жаңа дағдыларын дамытуға, ұйымшылдыққа, шабыт пен өзіне деген сенімділікке, әлеммен позитивті қарым-қатынас жасауға және мәселелерді тез, сындарлы шешуге көмектесу.

Тренингті республикалық әлеуметтік жобалардың эксперті, тренер Асима Сұлтанова өткізді.

«Осыған дейін жас көшбасшылар арасында арнайы байқау жарияладық. Байқауға өңірден 50 жас қатысты. Соның ішінен комиссия 25 жасты оқытуға қабылдады. Оқытудан өткен жастар арасында «Жас көшбасшылар пулін» құруды жоспарлап отырмыз», – дейді жобаның жетекшісі Шамқұлова Гауһар.

Аталған оқыту Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Өңір жастарының бойынша көшбасшылық қабілетті дамыту және жас көшбасшылардың әлеуетін арттыру» атты жобасы аясында іске асуда. Жобаның негізгі мақсаты – өңірде жаңа жас көшбасшылар легін қалыптастыру.

«Әлеуметтік желілерден байқау туралы хабарландыруды көріп, өтінім қалдырдым. Іріктеуден өткеніме қуаныштымын. Енді алда 7 тақырып бойынша семинар-тренингтен өтемін. Жобадан жаңа жастар, жаңа орта табамын деген сенімдемін. Оқытудан алған білімді өңірдегі жастар саясатын дамытуға пайдаланамын», – дейді жобаға қатысушы жас Серік Парасат.

Exit mobile version