Ақтауда «Үздік әлеуметтік жобалар форумы» өтті

Ақтау қаласында «Әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған шағын гранттар» жобасының қатысушыларының кіші жобаларын қорытындылау мақсатындағы «Үздік әлеуметтік жобалар форумы» өтті.

Форум жобаны іске асыру нәтижелерін шығару, үздік жастар жобаларын анықтау, жұртшылыққа жобаны өңірде іске асыру нәтижелерін көрсету мақсатында өтті.

Форумға депутаттар, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері және шағын грант иегерлері қатысты.

«Үздік әлеуметтік жобалар форумы» екі кезеңнен тұрды. Алдымен, жоба аясында іске асқан 40 әлеуметтік кіші жобалардың жобалардың көрмесі өтті. Мұнда жобаға қатысушылардың бастамалары мен нәтижелерінен экспозициялар ұсынылды.

Екінші кезең «Инновациялық көшбасшылық» тақырыбында көрініс тапты. Мұнда әртүрлі квазимемлекеттік секторға жататын ұйымдардың және жобаларының таныстырылымы өтті. Таныстырылымда «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры А.Адиева, Елбасы Академиясы коорпаративтік қорының басқарма директоры М.Жұманбай, CAYLA-Орта Азияның көшбасшы жастары академиясының жоба менеджері Баян Набиева және Маңғыстау облысының «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі төрайымы Ж.Ахметова ҮЕҰ-ға арналған жобалар туралы сөз сөйледі.

Форумда сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев жоба қатысушыларына алғыс айтып, әрі қарайғы істеріне сәттілік тіледі.

– Жастар мен жастар ұйымдарының үздік әлеуметтік жобаларын сынға салатын гранттық конкурсқа жалпы жиыны 175 жас қатысып, 40 жоба жеңімпаз болды. Яғни, бұл осыншама жұмыссыз жас өз кәсібін бастап, бүгінде еңбегінің игілігін көріп отыр деген сөз. Бұл жобалар алдағы уақытта бір мезеттік болмай, үлкен кәсіпке айналатын, ел игілігі жолында жүзеге асатын ауқымды кең жоба болатындығына сенім артамын. Жастардың азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобалары мен бастамаларына өз тарапымыздан қолдау көрсетуге қашан да ниетті екендігімізді тағы да айтып өткім келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығына, алдағы жылдары өз нәтижесін беретіндігіне сенімдімін,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Форум барысында бірқатар шағын грант иегерлеріне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарының Алғысы табысталды.

Айта кетейік, «Әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған шағын гранттар» әлеуметтік жобасы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен, «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің жүзеге асыруымен өтті. Жобада 40 маңғыстаулық жас 500 000 (Бес жүз мың) теңгеден қайтарымсыз қаражат алып, өз кәсібін бастауға қол жеткізді.

Exit mobile version