Ақтауда шито-рю каратэден ел біріншілігі өтті

25-26 қараша аралығында Ақтауда шито-рю каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне еліміздің Қызылорда облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Жетісу облысы, Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Маңғыстау облысы және Шымкент, Алматы, Байқоңыр қаласынан 500-ден аса спортшы қатысты.

Жарыс 6 жастан жоғары және 18 жастан жоғары спортшылар арасында жеке және командалық ката бойынша, сондай-ақ кумитэ бағдарламалары бойынша өтті.

Маңғыстау құрамасы 25 алтын, 28 күміс, 36 қола медаль иеленіп, командалық есепте топ жарды. Ал екінші орынды, Байқоңыр қаласы, үшінші орынды Жамбыл облысы иеленді.

МО каратэ федерациясының басшысы Бекмұрат Жүсіповтың айтуынша, ҚР чемпионатының негізгі мақсаты шито-рю каратэден ҚР ұлттық құрама командасын қалыптастыру, және Жапония ашық чемпионатында ел намысын қорғайтын команда жасақтау. Жарыстың бас төрешісі МО каратэ-до бойынша БЖСМ басшысы Зейнулла Оңайбаев.

Exit mobile version