Ақтауда Қасым мен Жомарт есімді егіздер тұрады

Ақтаулық сегізінші сынып оқушыларының бірінің есімі Қасым, екіншісінің есімі Жомарт болғандықтан туыстары «президент» деп атап кеткен.

Балаларға бұл есім 2009 жылы Қасым-Жомарт есімі әлі атақты емес тұста берілген. Соған қарамастан, олардың әжесі Зүлфия елдегі саяси өзгерістерді жіті бақылап, немерелері де осындай азамат болып өссін деген ниетпен білімді дипломаттың құрметіне қоюды сұраған.

Қазақ халқында балаға қойылған аттың оның тағдырына үлкен әсер береді деген сенім бар.

«22 мамырда тұңғыш немерелерім дүниеге келгенде бірден: «Қасым мен Жомарт болсын» дедім. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді ғой, сол секілді қазір немерелерім президентке ұқсап ер жетіп келеді», – дейді егіздердің әжесі Зүлфия Жолдасова.

Қазір Қасым мен Жомарт Ақтаудағы мамандандырылған физика-математика лицейінде оқиды, қазақша, орысша, ағылшынша сөйлейді, математика мен тарих пәндерін сүйіп оқиды. Олар француз және қытай тілдерінен дәріс алуды да жоспарлап, болашақта дипломат болатынын, одан кейін президентпен танысқысы келетіндерін де жасырмайды.

Exit mobile version