Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтаудағы аналар үйінде «Өмірге жаңа көзқарас» атты психологиялық тренинг өтті.
Психолог-маман Маржан Мұстафинаның қатысуымен өткен іс-шарада аталған әлеуметтік нысанда тұрып жатқан әйелдерге өзін өзі бағалау және өмірге жаңа көзқарас қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша кеңес берілді. Бұдан бөлек, түрлі психологиялық ойындар ойнатылып, түрлі әлеуметтік тақырыптағы әңгіме қозғалды.
Өз кезегінде тренингке қатысқан аналар Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығына игілікті шара үшін алғыс айтса, психолог-маманға танымдық жұмысы үшін ризашылықтарын жеткізді.