Ақтауда мұғалімдер мен оқушылар арасында қазақша күрестен турнир өтті

Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында Ақтауда алғаш рет жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында қазақша күрестен «Барыс-2022» қалалық турнирі өтті.

Спорттық іс-шараға екі түрлі салмақ дәрежесінде 42 мұғалім қатысты.

-Бүгін кілемде қазақ күресінің жанкүйерлері жиналып, мұғалімдеріміз бен оқушыларымыздың ойынын тамашаладық. Біздің мақсатымыз салауатты өмір салтын насихаттау, балаларымыздың арасында ұлттық спорт түрін дамыту, чемпион-палуан, болашақ «Барысты» тәрбиелеу екенін атап өткім келеді, – деді Маңғыстау облысы білім басқармасы өңірлік дене шынықтыру орталығы директорының м.а. Әли Қабақов.

Жарыс қорытындысы бойынша 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орынды Жәнібек Дабысов (№13 ОМ), 2 орынды Нұржас Қуандық (№13 ОМ) және 1 орынды Серік Бөкенбаев (IT лицей) иеленді.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 3 орынды Төребек Өтебаев (№14 ОМ), 2 орынды Бағдәулет Далухан( Дарын мектеп-лицейі), 1 орынды Ерлан Серік (№19 ОМ) иеленді.

Exit mobile version