Ақтауда киберспорт бойынша турнир өтті

Ақтауда «Cyber Caspi Championship» киберспорт турнирі өтті.

Жарыс деңгейін бағалаған мамандар бұл қала киберспорттың өңірлік хабына айналуы мүмкін деп есептейді. Киберспорт елімізде 4 жылдан бері ресми спорт түрінде өтіп келеді. Ал халықаралық деңгейде біздің спортшылар ірі турнирлердің жүлдегерлері атанып та жатыр. Осыған орай, Маңғыстауда «CS:GO» бойынша әуесқойлар арасында онлайн ойындар жарысы ұйымдастырылды.

Мамандардың айтуынша, Ақтау қаласы бұл бәйгені өткізу үшін арнайы таңдалған. Себебі, статистика бойынша Маңғыстау облысы 16-74 жас аралығындағы желі пайдаланушылардың үлесі бойынша тізгінді бастап тұр. Сонымен қатар, жарысқа арнайы келген қатысушылар туристік қалада қызықты уақыт өткізе алады.

«Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы Талғат Аманбаев атап өткендей, жыл сайын әлемдік киберспорт нарығы орта есеппен 20%-ға өсуде.

-Бұл Қазақстан үшін маңызды көрсеткіш. Себебі, 90-шы, 2000-ші жылдардың басында CS:GO, DOTA және т.б. компьютерлік ойындары көбінің өмірінің бір бөлігіне айналған болатын. Осындай турнирді өткізу арқылы, біз көрерменнің қызғушылығын көрдік. Сондықтан мұндай іс-шараларды ұлғайту туралы идеялар бар, – деді «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы Талғат Аманбаев.

Турнур екі кезеңнен тұрады. Бірінші бөлігінде командалар онлайн іріктеуден өтті. Ал чемпионаттың жартылай финалы «Rixos Water world Aktau-да» офлайн режимінде ұйымдастырылды. Қорытындысы бойынша «Team bikada» командасы 3-0 есебімен жеңіске жетті. Жарыс серіктестерінің жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды. Атап айтқанда, 1 орын жеңімпаздары 500 000 теңге, 2 орынға 250 000 теңге (Team D. Row), 3 орынға 150 000 теңге (team MTN) және 4 орын иесі 100 000 теңге (Team GoodFellas) берілді.

Іс-шараның басты хедлайнерлері Хаким Мукарам мен Асылбек Шауалиев сынды блогерлер болды. Олардың айтуынша, Ақтаудағы байланысты жақсарту бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру мен авиақолжетімділікті ескере отырып, туристтік қала киберспорт бойынша өңірлік орталыққа айналу мүмкін.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, кейіннен мұндай іс – шаралар халықаралық сипатқа ие болу мүмкіндігі зор. Сол кезде әлемнің түкпір-түкпірінен ойыншылар келетін қаланың бірі болады. Соған орай, ұлттық компанияның ұзақ мерзімді идеясы да дайын. Ең алдымен, Ақтау шағын жергілікті турнирлерді өткізуден бастап «мейджора» деп аталатын ірі киберспорт турнирлерінің сериясына дейін жолды өтуі тиіс.

Әдетте, әлемдік стандартта ірі спорттық іс-шаралар Comic-Con, Geek-Con және т.б. сияқты көп жанрлы ойын-сауықтық фестивальдерімен бірге жүреді.

Турнир 19 қарашада «Kazakh Tourism» ҰК АҚ және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, Travel Fest Mangistau жобасы аясында өтті.

Exit mobile version