Ақтауда есірткіге қарсы күрес күнінде велошеру өтті

Ақтауда есірткіге қарсы айлықтың ашылуына орай халықаралық нашақорлыққа күрес күнімен байланыстырылып велошеру ұйымдастырылды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ұйықтқы болуымен өткен шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Қаланың 4-ші шағынауданындағы Абай атындағы мәдениет үйінің тұсынан басталған велошеру 15 шағын аудан аумағында ХҚКО-на дейін жалғасты.

Велосипед мінген топты маңғыстаулық мотоциклшілер қауымдастығының белсенділері бастап жүрді.

«Құрметті маңғыстаулықтар! Бүгіннен бастап нашақорлыққа қарсы бір айы бойы кешенді іс шаралар өтеді. Бізге емделуге келген нашақорлардың ешқайсысы да бақытты емес. Осындай шараға қатысып, спортты насихаттап жатқандарға мың алғысымызды айтамыз. Елімізде велоспортпен айналысатындардың саны арта берсін. Спорт адам өмірін жақсартады», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқанов.

Exit mobile version