Ақтауда Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына арналған кеш өтеді

Маңғыстау облыстық М.Өскінбаев атындағы филармониясы ғимаратының үлкен залында 15 қыркүйек күні, сағат 19:00-де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, отандық эстрада өнерінің ерекше дарын иесі, атақты музыкант, әнші – Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына арналған кеш өтеді. Концертке «Ақ шағала» вокалды аспапты ансамблі мен филармония әншілері қатыспақ. Билеттер филармония кассасы және ticketon.kz сайтында сатылады.

Байланыс телефоны: 8 701 387-53-10

Exit mobile version