Ақтауда агрофестиваль өтеді

Фестиваль 8 қазан күні өнеркәсіптік аймақ 6, 1/1 түйеқұс фермасында ұйымдастырылады.

Шараны «Kazakh Tourizm ҰК» АҚ ұйымдастырып отыр. Агрофестиваль аясында түйеқұс фермасының жұмысы таныстырылады, қолөнершілердің шеберлік сағаты, жергілікті өнімдердің жәрмеңкесі және өзге де қызықты шаралар өтеді.

Фестивальге қатысу – тегін. Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы көлік қарастырылған.

Жиналу орны – 9 шағынаудан 42/1 ғимаратының алдындағы тұрақ (ботаникалық баққа қарама-қарсы). Кету уақыты – 10.30 және 14.30.

Іс-шараға тіркелу үшін: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScIgEVlUmpF49ZOPP8ZxDc05YbaDnVmvdvh0pnFhPHtby_sQQ/viewform?usp=sf_link

Exit mobile version