9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ақтаулық жастар қаладағы мәңгілік алау стелласына барып майдангер жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Салтанатты шара аясында олар гүл шоқтарын қойып, мемориал алдында соғыстан қайтпаған жауынгерлерді үнсіз еске алды.
«Құрметті соғыс ардагерлері және тыл ардагерлері! Сіздердің ерен ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Сіздер зұлмат заманда етіктеріңізбен су кешіп, елді төнген қауіптен, ентелеген жаудан аман қалдыңыздар! Сіздердің ерліктеріңізді біз әрдайым мақтан тұтамыз», – деді жиналған жастар.
Бұған дейін ақтаулық жастар Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірге майдангер қарттық қарашаңырағына барып, отбасы мүшелерімен кездескен болатын.