Ақтау туралы қызықты 10 дерек

Ақтау – еліміздегі жалғыз портты аймақ.
Ақтау – Қазақстандағы ең жас қала. Іргетасы 1963 жылы қаланған.
Ақтау – елімізге аққулар келетін жалғыз қала.
Ақтауға жақын жерде әлем бойынша ең ірі уран ұңғымасы орналасқан. Бүгінде ұңғыма өз жұмысын тоқтатқан.
Ақтау – тұңғыш рет өндірістік жылдам нейтронды атом электростанциясы салынған шаһар.
Ақтау қаласында «Caspian Riviera Grand Palace» атты қонақ үй бар. Ғимараттың 6 қабатында құшағына 890 000 литр су сиятын аквариум орналасқан. Бірегей аквариум әсем сәулетімен ерекшеленеді.
Ақтауда тұщы судың табиғи қоры жоқ. Сол себепті өңір тұрғындары Каспийдің суын тұшытып ішеді.
Ақтау – еліміздегі көше атаулары жоқ жалғыз қала. Шаһар тек мөлтек аудандардан тұрады.
Ақтау – әлем бойынша тұрғын үй кешенінің дәл төбесіне маяк орналасқан екінші қала.
Ақтау – еліміз бойынша жалғыз теңіз-жаяу әскерлері бар қала.

Exit mobile version