«Ақтау марафон-2022» марафонына тіркеу басталды

Ақтаулықтар Республика күніне орай «Ақтау марафон-2022» марафонына қатыса алады. Жарыста жасы 16-дан асқан кез-келген адам бағын сынай алады.

Жарыс бағдарламасына 10 және 21,1 шақырымдық қашықтық кіреді. Аталған марафонға қатысушылар www.kazakhstan.travel сайтын арқылы 5-21 қазан аралығында электронды түрде тіркеле алады.

Марафон 25 қазанда басталады. Cағат 08.30-да старт-финиш өтеді және 15-шағынаудан теңіз жағалауындағы амфитеатрдың жанында орналасқан шатырларда тіркелген қатысушыларға старттық пакеттер беріледі.

Сағат 10.30-да марафонның ресми ашылу рәсімі өтіп, қатысушылар 11.00-де 21 шақырымдық жарысқа, жарты сағаттан кейін 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіреді.

Қашықтыққа жүгіру 15:00-де аяқталады деп жоспарланған. Кейін ұйымдастырушылар жеңімпаздарды марапаттайды. Шара соңында концерттік бағдарлама болады.

Ұйымдастырушылар қатысушының ережемен таныс екенін және денсаулығы мен жарысқа дайындығына жауапты екенін растайтын қатысушы картасында жеке қолтаңбасы болған жағдайда бастауға рұқсат етілетінін айтады. Қатысушылар 12 шағынаудан 83 ғимаратта орналасқан «Жас қанат» спорт кешеніне өздерімен бірге жеке куәлігін ала баруы шарт.

-Шара салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ ішкі және сыртқы туризмді дамыту мақсатында өткізіліп отыр. Біз үшін ең бастысы – сіздің денсаулығыңыз бен амандығыңыз, егер қатысушы өз қабілетіне сенімді болса, қош келдіңіз, – дейді ұйымдастырушылар.

Толық ақпарат https://www.instagram.com/p/CjoDYqDLwv2/?igshid=NmNmNjAwNzg= сілтемесінде.

Exit mobile version