Ақтау көшелеріне жүзден астам «Сергек» қойылады

Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерим Ибатуллаева айтып берді.

-Полиция департаментімен Ақтау қаласы аумағына 108 орынға, оның ішінде 16 мен 17, 19 бен 18 шағынаудандардың аралығында жол жүру ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін «Сергек» құрылғыларын енгізу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар жолданды.

Жоспарға сәйкес камераларды қою жұмыстары ағымдағы жылдың 4-тоқсанында басталады. Бұдан басқа 16, 17-шағынаудан аралығындағы «Ясин» емханасына қарсы, сондай-ақ 16 мен 19 шағынаудан аралығындағы жаяу жүргінші өткеліне бағдаршам объектісін орнату бойынша ұсыныстар да жолданды, дейді Айгерим Ибатуллаева.

Exit mobile version