Ақтау гарнизоны авиациялық базасында мерзімді әскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне оралды

Ақтау гарнизонының авиациялық базасында мерзімді әскери қызметшілері запасқа шығарылып, жауынгерлік тумен қоштасу салтанатты рәсімі өтті.

Қызылорда облысынан шақырылған мерзімін өтеген 30-дан астам әскери қызметші үйлеріне жіберілді. Бір жыл ішінде олар әскери істің қыр-сырын меңгеріп, жауынгерлік дайындықта жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, «Батыл тойтарыс», «Айбалта – 2022» ауқымды оқу-жаттығуларға қатысты.

Жауынгерлер қаруды шебер меңгеріп, далада өмір сүруді үйренді. Әскери қызметке адал көзқарасы, жауынгерлік дайындық тапсырмаларын сапалы орындағаны үшін жауынгерлер алғыс хаттар, естелік сыйлықтар, фотоальбомдармен марапатталды.

-Сарбаздар әскери бөлімде лайықты қызмет атқарды. Қызмет еткен жылы үлкен өмірлік тәжірибе жинақтад., көптеген оқу-жаттығулар мен жарыстарға қатысты. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта тамаша нәтижелер көрсетті, – деді әуе базасының командирі, полковник Медет Аскетаев.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінен 1000-ға жуық мерзімді әскери қызметшілер үйлеріне оралады.

Exit mobile version