Амфитеатр алаңында Наурыз мейрамы тойланды

Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаев маңғыстаулықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Амфитеатр алаңында 27 дәстүрлі қазақ киіз үйі тігіліп, мерекелік концерт өтті.

Наурызды тойлау аясында Ақтау жағалауында құрақ құрайтын 15-ке жуық қолөнерші жиналып, көрпе, жамылғы, жастық сияқты ерекше өнімдерін ұсынды. Содан кейін қала қонақтарына 300 – ден астам адам өнер көрсеткен «Науша Наурыз – бақ, ырыстың бастауы» атты театрландырылған қойылым ұсынылды. Жағалауда ат пен түйе мінген шабандоздар және қазақтың тазы тұқымды иттерін жетектеп, бүркіт баулағар бүркітшілердің шеруі өтті.

Сонымен қатар 35 қылқалам шеберінің туындысы көпке ұсынылды. Спорт сүйер қауым үшін қазақша күрес, тоғызқұмалақ және асық атудан жарыстар өтті.

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамының басталуымен құттықтап, биылғы жылы мереке жаңа форматқа ие болғанын атап өтті.

Мерекелік шара әрі қарай концерт және отшашумен жалғасады.

Exit mobile version