Әзілкеш жастар жайдарман ойынының жартылай финалында бақ сынады

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының «Жоғары лига» сайыстары бойынша жайдарман ойынының 1/2 жартылай финалдық сайысы өтті. 

Жартылай финалдық бәсекеде ширек финалдық финалдық бәсекеден сүрінбей өткен 7 команда өнер көрсетті.

Аталған командалар өнеріне ардагер жайдарманшылар Бердіғұлов Ерлан, Шөгелов Ерлан, Сәулебай Тұрар, блогер Аманқосова Салтанат және әлеуметтік кәсіпкер Рамазан Бибігүл қазылық етті.

Әзілге толы кеште қазылар алқасының шешіміне сәйкес жаңаөзендік “Теңге құрамасы”, Мұнайлы ауданынан келген еркін құрама “Татьяна” командасы және Маңғыстаудың абыройын Республикалық “Жоғары лига” сайыстарында қорғап жүрген “Не хабар – Көркем Әлем” командасы финалдық бәсекеге тікелей жолдама алды. Алайда, тәжірибелі “Татьяна” командасы жомарттық танытып өз жолдамасын сайыс қорытындысы бойынша 4-5 орын қатар бөліскен “Алмаз” және “Қылықты қыздар” командасына сыйлады.

Сондай-ақ, “Не хабар-Көркем Әлем” командасының ойыншы Сидагалиев Айвар және “Татьяна” командасының ойыншысы Қоңыратбай Нұртай жартылай финалдық ойындардың “Үздік ойыншысы” атанды. Үздік ойыншыларға Маңғыстау жайдарман ойындарының серіктесі «Burkit Travel» туристік компаниясының атынан Баку қаласына жолдама берілді.

Exit mobile version