Әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлер жоғары оқу орындарында тегін білім алады

Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева хабарлады.

Оның айтуынша, әзірге бұл бастаманы 30 университет қолдады. Алдағы уақытта олардың саны 50-ге дейін жетуі мүмкін. Қазір жоғары оқу орындары жауынгерлер тегін түсе алатын мамандықтар тізімін дайындап жатыр. Айта кетерлігі, бұл мүмкіндікті әскери қызметі кезінде жақсы көрсеткіштерге ие болғандар ғана пайдалана алады.

Жауапты ведомство бұл жаңашылдықты жастарды әскерге баруға ынталандыру үшін енгізді. Сондай-ақ министрлік сарбаздардың қауіпсіздігі мәселесін де қолға алмақшы. Мәселен, аға офицерлерлердің жауапкершілігін арттырып, ата-аналар комитетімен тығыз байланыс орнату жоспарда бар. Психологтар да жауынгерлермен жиірек кездесіп, моральдық қолдау көрсетпек.

– Еліміздің жоғары оқу орындары әскерде ең жақсы нәтиже көрсеткендерге грант беруге дайын. Әскери академиялар да оларды емтихансыз қабылдайды. Іріктеуді Қорғаныс министрлігі, шекаралық қызмет және Ұлттық ұлан өкілдері жүргізеді. Бұл тізімге ілікпегендер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ ақылы бөлімге түсе алады. Қалағандарға осы мүмкіндікті әскери қызметін аяқтаған сәттен бастап екі жыл ішінде пайдалануға рұқсат,- дейді ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева

Exit mobile version