Әлеуметтік идеялар байқауының жеңімпаздары анықталды

Студенттер арасында өткен «Әлеуметтік идеялар байқауы – 2022» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқауда жобаның сапасы, идеяның өзектілігі мен жобаны қорғау деңгейі бағаланды. Нәтижесінде Маңғыстау политехникалық колледжінің студенттері көш бастады. Жеңімпаз команданың жобасы ерекше күтімді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге арналады. Яғни, оларды қоғамға жан-жақты бейімдеп, оқшауланбауы үшін жағдай жасауды мақсат еткен. Жоба қазіргі таңда жүзеге асып жатыр. Соның аясында ерекше жандарды өңірдің көрікті жерлеріне экскурсияға шығарып, қайырымдылықпен айналысуда.

Ал 2-орынды Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжі қанжығаға байлады. 3-орынды Каспий өңірі «Болашақ» колледжі иеленді.

Жоба жеңімпаздарын мотивациялық кездесуде Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Батырхан Қуанышбеков марапаттады.

Еске сала кетейік, байқаудың мақсаты – жастардың өмірлік маңызды бар дағдыларын (командалық жұмыс, коммуникация және көшбасшылық) және әлеуметтік жобалау дағдыларын дамыту. Идеялар тоғысатын байқауға 14 команда өтінім берген болатын.

Exit mobile version