Әлеуметтік идеялар байқауына өтінім қабылдау басталды

Құрметті Маңғыстау өңірінің колледж студенттері!

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы Әлеуметтік идеялар байқауына өтінім қабылдауды бастады. Байқау мақсаты – жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру арқылы жастардың бастамаларына қолдау көрсету.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2022 жылдың қараша айының 1 күнінен бастап қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың  қараша айының 10 күніне дейін жалғасады.

Байқау келесідей кезеңдерден тұрады: 
• Байқауға қатысу жөнінде өтінім қабылдау;
• Өтінімдерді техникалық іріктеу;
• Әлеуметтік идеялардың жүзеге асуы;
• Жобалар таныстырылымы – Конкурстық іріктеу;
• Қорытынды (Марапаттау)

Әрбір оқу орнынан 1 (бір) бастамашыл топ қатыса алады және бастамашыл топтың құрамы кемінде 10 адамнан жасақталуы тиіс. Бастамашыл топқа үйлестірушісі ретінде оқу-орын мұғалімі белгіленуі қажет.

Байқауға қатысушы бастамашыл топ келесідей бағыттардың бірін қамтуы тиіс: 
1. Әлеуметтік жағынан осал топқа жататын азаматтарға қолдау көрсету;
2. Ерекше күтімді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және қоғамға тарту;
3. Қоршаған ортаны қорғау және жастар арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру;
4. Жастардың шығармашылығы дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
5. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау.

Байқауға қатысушы бастамашыл топ ұйымдастырушыға жазбаша хабардар ету арқылы кез келген кезеңде өз өтінімінен бас тартуға құқылы. Осы Ережеде белгіленген жағдайларда өтініш берушінің әрекетсіздігі де топтың өз өтінімінен бас тартуы деп танылады.

Байқауға қатысу жөнінде өтінім мен идея тұжырымдамасының Үлгіге сәйкес жасақталғандығын сараптауға мақсатында Техникалық іріктеу жүргізіледі. Үлгіге сәйкес жасақталмаған өтінім іріктеуден өтпейді. Ал қажет болған жағдайда ұйымдастырушылар өтініш берушіден байқауға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.

Байқауға өтінім жібергендер Ұйымдастырушыға Байқауға қатысу жөніндегі өтінімді дайындау мен рәсімдеу мәселелері бойынша хабарласуға құқылы.

Жобалардың сапасын бағалау үшін байқау қорытындыларын шығару және осы іс-шараның үздік жобаларына жүлде беру үшін Конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия мүшелегінде Ұйымдастырушы қатыстырылмайды. Конкурстық комиссияда үкіметтік емес ұйым, мемлекеттік мекеме және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қазылық етеді.

Конкурстық комиссияның құрамы өтінімдерді бағалау, жобалардың өздерін таныстыру және қорғау үшін бекітіледі. Конкурстық комиссия 5 және одан да көп адамнан тұратын болады және конкурстың ережелері мен талаптарын сақтауға, жобаны өткізу уақытында конкурсқа қатысты кез келген мәліметтерді, оның ішінде қатысушылардың жеке мәліметтерін жария етпеуге міндеттеледі. Конкурстық комиссияның жұмысы жіберілген жұмыстарды бағалаудан және Әлеуметтік идеялар байқауының жеңімпаздарын айқындаудан тұрады.

Жобаның жеңімпаздары мен қатысушылары ұйымдастырушылардың дипломымен, сондай-ақ серіктестер ұсынған жалпы жүлде қоры аясында ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Жобаны ұйымдастырушылар қатысушылардың және басқа тұлғалардың алдында ешқандай жауапкершілік көтермей, қажет болған жағдайда конкурстың күшін жою, тоқтата тұру, аяқтау немесе ұзарту құқығын өзіне қалдырады.

Өтінімдер Ұйымдастырушыға хабарландыруда көрсетілген мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Байқау тақырыптарына сай келмейтін және уақытынан кейін жіберілген материалдар Байқауға жіберілмейді.

3. Өткізу кезеңдері
Байқауға өтінім қабылдау mangystau_resurs@mail.ru электронды мекен-жайы арқылы қараша айының 1 – 10 күндері аралығында жүреді. 11-14 қараша аралығында өтінім мен идея тұжырымдамасының Үлгіге сәйкес жасақталғандығын сараптауға мақсатында Техникалық іріктеу жүргізіледі. Техникалық іріктеуден өткен қатысушылар туралы ақпарат ұйымдастырушының ресми сайтында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында қараша айының 14 күні сағат 18.00-ге дейін жарияланады.

Қараша айының 24 күні Конкурстық комиссиясының отырысы өтеді және аталған комиссия мүшелеріне қатысушылар идеясының жүзеге асуы мен қол жеткізген нәтижелері туралы таныстырылымын жасайды. Сондай-ақ Әлеуметтік идеялар байқауының жеңімпаздарын анықтау және марапаттау рәсімдері өтеді.

Ең үздік 3 қатысушы топ ұйымдастырушы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.

4. Жобаларды бағалау критерийлері
Қатысушылар идеясын іске асыру кезеңіндегі бағалау критерийлері: 
• Қатысушы топтың ұйымдастырушылық және топпен жұмыс жасау қабілеті;
• Әлеуметтік желідегі жобаның ресми парақшасының болуы және сауатты жүргізілуі;
• БАҚ беттерінде жоба жайында немесе жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат жариялануы;
• Жоба жайында немесе жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты қамтитын 1 минуттан кем емес сапалы видеороликтың болуы.

Қатысушылардың идеяларын / жобаларын бағалау критерийлері: 
• идеяның өзектілігі, оның қажеттілігі мен пайдасы;
• идея креативтілігі және (немесе) жаңалығы және бірегейлігі;
• өңірде жүзеге асырылуы;
• идеяның дайындық деңгейі және сапасы (зерделену деңгейі, осы жоба арқылы проблеманы шешу тетіктері, болжам, артықшылықтары мен кемшіліктері және т. б.).);
• бәсекелестік артықшылықтары;
• идеяны / жобаны пысықтау сапасы;
• жобаны қорғау деңгейі;
• жобаны іске асырылуы.

Байланыс

Байқау ұйымдастырушысының байланыс нөмірі мен электронды мекен – жайы: 8 (7292) 603312; mangystau_resurs@mail.ru

Exit mobile version