Әлеуметтанушылар мектебі үміткерлерді шақырады

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры «Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебін сарапшылардың деректерді жинау мен талдаудың заманауи цифрлық технологияларымен жұмыс істеу дағдылары мен құзыреттерін, әлеуметтанулық білімдерін дамыту мақсатында ұйымдастыруда.

Мектепке қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
Мектепте оқу тегін.

Тыңдаушылар саны 40 адамға дейін, академияның шешімімен олардың саны өзгертілуі мүмкін. Сондай-ақ үміткерлердің резервтік тізімі құрылады.

Қатысуға жоғары оқу орындарының студенттері мен әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандар шақырылады (әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, саясаттану, мәдениеттану, философия және т.б. салаларда).

Толық ақпарат https://www.elbasyacademy.kz/one-news/134

Exit mobile version