Абылай Фазылбек жаңа қызметке ауысты

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ортасын дамыту» бөлімінің басшысы болып Абылай Фазылбек тағайындалды, – деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Абылай Фазылбек Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау облысы бойынша филиалының атқарушы директоры болып бастаған. 2013 – 2016 жылдары Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында маман көмекшісі, 2017 – 2018 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығында персональды басқару жөніндегі маман, «жастар жобалары мен шығармашылық» бөлімінің басшысы, орталық директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы болды.

Әріптесімізге абыройлы қызмет, жетістік пен толағай табыс тілейміз!

 

Exit mobile version