Аймақта арнайы жол картасы жасақталды. Жастар саясаты басқармасы өкілдерінің айтуынша, басты оқиғаның бірі жазда болады. Каспий маңы елдерінің жастары «Жастар достығы» форумында бас қосады. Тағы бір ауқымды халықаралық шара мамыр айына жоспарланған. Ол кезде әлемнің әр түкпірінен келген жеңіл атлеттер «Ақтау марафоны» жарысында бақ сынайды. Кейін бұл спорттық шараны дәстүрге айналдыру жоспарда бар.