Қыздар арасында волейболдан жарыс өтті

«Студенттік күз – 2024» фестивалі аясында қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыста өңірдегі оқу орындарының студенттері бақ сынады.

Тартысқа толы спорттық сында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі 1-орынға ие болды. Ал 2-орынға Yessenov University ие болды, 3-орын Жаңаөзеннен келген «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенттеріне бұйырды.

Енді ертең Теннис орталығында шағын футбол және волейболдан жеңімпаз атанған командалар үстел теннисін ойнап, сынға түседі. Жеңімпаздар арнайы кубок, алғыс хаттармен марапатталады.

Аталған іс-шараға қолдау көрсеткен «BroDobro» ұжымына өз алғысымызды білдіреміз.Қыздар арасында волейболдан жарыс өтті

Айта кетейік, аталған шара Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе өтіп жатыр.

Exit mobile version