Маңғыстаулық психологтар 5 компонентті оқыту бағдарламасын аяқтады

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан «Жастар EQ» әлеуметтік жобасы аясындағы жас психолог мамандардың 5 компоненттік оқыту модулі қорытындыланды, — деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

5 компонентті оқыту курсы аясында маңғыстаулық психологтар бала психологы, “Ата-ана білмейтін қателіктер” кітабының авторы Мөлдір Тоқжановадан, профессор, Республикалық “Психолог шеберлік мектебінің” негізін қалаушы Күлмаш Елшібаевадан, сонымен қатар психолог, БҰҰ балалар қорының ұлттық тренері, Еуропа психологтар қауымдастығының мүшесі, сертификатталған бизнес тренер, PhD кандидат Сымбат Абдрахмановадан және PhD, психоаналитик, Орталық Азия психоанализ институтының директоры, Колумбия университетінің (Нью-Йорк) Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты Анна Кудияровадан білімін жетілдіріп, кәсіби біліктілігін арттырды.

Семинар-практикумдар сериясынан өткен бұл психологтар алдағы уақытта алған білімдерін облыс көлемінде таратумен айналысатын болады. Олар Маңғыстау облысындағы аудан, қалаларда жастармен кездесіп, эмоционалды инттелект, лудомания, ерте жүктілік, өзге де тақырыптар бойынша дәрістер оқиды.

Сонымен қатар, аталған тақырыптар бойынша мәселелері бар жастарға жеке қабылдаулар жүргізеді.

Exit mobile version