500 000 теңгелік 40 грантқа өтінім қабылдау жалғасуда

Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған шағын гранттар» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау 23 тамыздан бастау алды. Конкурсқа өтінім берудің шекті уақыты ағымдағы жылдың 6 қыркүйегіне дейін.

Конкурсқа қатысу үшін бірқатар өлшемшарттар берілген. Алдымен, өтінім берушінің және өтінім беруші бастамашыл топ мүшелерінің жасы өтінім берген сәтте 18-ден 28 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс және өтінім беруші жастар ұйымдары, ҮЕҰ-дар Маңғыстау облысының аумағында тіркелуі тиіс. Бұдан соң, өтінім беруші жеке тұлға және өтінім беруші бастамашыл топ мүшелері өтінім берілген сәтте Маңғыстау облысының аумағында кемінде 3 (үш) ай тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс және өтінім берушінің Маңғыстау облысының аумағында тұрақты немесе уақытша тіркеуі тиісті құжаттармен расталуы тиіс. Жоба шарты бойынша өтінім беруші жеке тұлға, бастамашыл топ немесе өтінім беруші жастар ұйымы, ҮЕҰ-дар конкурсқа қатысу үшін тек 1 (бір) әлеуметтік жобаны ұсына алмақ.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші жоба туралы өтінімді толтырып grants.mangystau@gmail.com электронды почтасына жолдауы қажет. Әлеуметтік жобаны ұсынушы жастар жоба ережесіне сәйкес 16 бағытты таңдауы қажет.

Толығырақ, жоба ережесі, өтінім формасы төмендегі сілтемеде

https://drive.google.com/drive/folders/1uq6scnxUFPInbdKDzEaRdc5OKwqW8zJm

Exit mobile version