2024 жылы Қазақстанда Дүниежүзі көшпенділер ойындары өтеді

Қазақстан – 2024 жылғы 5-ші Дүниежүзі көшпенділер ойындарын өткізуші мемлекет ретінде белгіленді, деп хабарлайды «Маңғыстау жастары» сайты.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі делегациясы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Түркияға арнайы барып, ақжолтай жаңалықпен оралып отыр. Сапар барысындағы өзекті мәселелердің бірі – Қазақстанда V Ойындарды өткізу жөніндегі келіссөздер болатын. Нәтижесінде, Түркияның Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу кеше салтанатты түрде аталған ауқымды шараның эстафетасын елімізге табыс етті. Бұл – айтарлықтай қуаныш, әрі аса жауапты жұмыс.

Мыңжылдықтардың мұрасына ие, көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде бұл дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін».-деп жазды Дәурен Әскербекұлы.

Exit mobile version