2023 жылдан бастап 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

фото ғаламтордан алынды

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын жария талқылауға шығарды. Заң жобасы 23 қыркүйекке дейін Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Түзетулер жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде үстеме жұмыстың жалпы ұзақтығы төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында айына 12 сағаттан және жылына 120 сағаттан аспауы керектігі көзделген.

Бұл ретте бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып табылады. Бес күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібімен белгіленеді.

Exit mobile version